Бала қаратқан құрбым ішімдік ішіп, қызымды шынжырмен ұрды

Қызыма қорлық көрсеткендер жазасыз қалды! Бұл - қызылордалық көпбалалы ананың базынасы. Гүлмира Нұрмаханова 8 жастағы қызы өзінің құрбысынан таяқ жегенін айтып, налиды. Сұмдық оқиға жуырда болыпты. Алты баласын асырау үшін жұмысқа тұрған ол перзенттеріне бас-көз болар деген оймен ауылдас құрбысын үйіне шақырыпты. Сол күні танысы ұл-қыздарға қараудың орнына ішімдік ішіп, кәмелетке толмаған балаларды шынжырмен ұрып-соғыпты. Әбден үрейленіп қалған балалар бұл жайлы бірден аналарына айтуға қорқытыпты. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top