Dimash visit’s summary to Shoqan school

Repost @ Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп өз мекемесі қабырғасында әлемге танымал жұлдызымыз — Димаш Құдайбергенді @ қарсы алды. Өзінің ғажайып вокалымен және талантымен әлемге әйгілі жұлдыз оқу мекемемізде ұмытылмастай күндерді өткізді. Мектеп оқушылары Димашты үлкен қуанышпен толғана қарсы алды. Олар қызықты сұрақтар қою, әуен және өнер әлемі туралы ой-пікір алмасу, сондай-ақ, шығармашылық аясына ену арқылы тіпті бірге домбыра тарту мүмкіндігі болды. Бұл - балалар үшін музыка әлемін өзінің өнерімен тамсандырған талантты әрі кемел адамнан шабыт алу деген сөз. Біз Димашқа бізге білдірген көңілі мен ілтипаты үшін зор алғыс айтамыз. Бұл күн осы бір ғажайып жаңалықты бөліскен барлығы үшін ұмытылмас күн болып табылмақ. Талантты, танымал тұлғаларды шақыру біздің мектепте дәстүрге айналған. Осындай іс-шаралар балаларымызға танымал тұлғалармен еркін түрде сұхбаттасу, қызықты сұрақтар қою арқылы олардың тәжірибелеріне, талантына құштарлықпен қарау мүмкіндігін бере отырып ұмытылмас сәттерді есте қалдырмақ. Жеке түрде осындай кездесулерді шынайылыққа айландыру мүмкіндігін берген мектептің негізін қалаушыларды атап өтіп оларға алғысымыз шексіз екенін айтқымыз келеді. Dimash Димаш 迪玛希 official YouTube channel address: Dimash official Instagram page: Link:
Back to Top