Назарбаев: Жер-жерді аралағанда популизммен айналыспай, халықтың мұң-мұқтажын ескеріңдер

#КТКжаңалықтары Елімізде аймақтарды дамытуға миллиардтап ақша бөлініп жатса да, нәтиже жоқ. Бүгін нұротандық депутаттар мен Үкімет мүшелерін жинаған Елбасы өңірлерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуына көңілі толмайтынын жеткізді. Жақ ашпайтын депутаттарды да қатты сынға алған Нұрсұлтан Назарбаев алда сайлау келе жатқанын ескертіп, дайындықты қазірден бастауға тапсырма берді. Елбасы кімге, неге шүйлікті? #Қазақстан #Елбасы #Назарбаев #жиын
Back to Top