Неше түрлі маска бар...

Хабарымызды бірден бұқара үшін өзекті мәселеден бастайық. 5 шілдеден бері елімізде 3 мыңға тарта адамға маска тақпағаны үшін айыппұл салынды. Естеріңізге сала кетейік, бекітілген айыппұл сомасы 83 мың 340 тг. Оны бір апта ішінде төлесеңіз жартысы кешіріледі. Осылайша жиыны 62.6 млн теңгеге айыппұл салынған екен. Елдің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ханым көшеде де маска тағу парыз деп пәтуә шығарған еді. Есте болса, адам көп шоғырланбайтын жерде бетперде тағу міндетті емес демеп пе әуел баста. Айтпақшы ол маска жарықтықты екі сағат сайын ауыстырып отыру шарт. Бұл талапқа құлақ асқан кім бар? Әсілінде бетперденің әуелгі тапшылығы, кейінгі бағасын былай қойғанның өзінде, дәл қазір далада тағып жүру қажеттілігі қайдан шықты? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top