Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 8 F (Альхимиктер командасы) және 8 G (Болашақ ғалымдар командасы) сыныбының оқушылары арасында химия пәнінен “Көңілділер мен тапқырлар клубы“ өткізілді. Балалардың ғылыми-шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған бұл ойында оқушылар тапқырлықтарын, өз білімдерін сынады. 7 бөлімнен тұратын ойынның қорытындысы бойынша 8 F сыныбының (Фариза шаңырағы) оқушылары жеңімпаз деп танылды. Химия пәнінде мықтылықтарын дәлелдеген команданы жеңісімен құттықтаймыз!