Жеңіс Семсері

Жасқаншақ ауыл баласы Айтуар ойнап жүріп ерекше семсер тауып алады. Семсердің иесі бұрынғы замандарда өмір сүрген Арыстан батыр болып шығады. Семсерін іздеген Арыстан батыр уақыт пен кеңістікті көктей өтіп, қазіргі заманға тап келеді. Арыстан мен Айтуардың кездескен сәтінен бастап шытырман оқиғалар өрби жөнеледі. Онымен бірге арғы дүниеден жоңғар шаманы да семсерді іздеп келеді. Бұл ерекше семсердің қасиеті соғыста үлкен жеңістерге алып келетін еді. Сол себептен Арыстан батыр үшін де, жоңғар шаманы үшін де бұл семсер аса маңызды.
Back to Top