Арыстың астаң-кестеңін шығарған оқ-дәрілер қала іргесінен жыраққа әкетілетін болды. Бұл жұмыс екі аптадан соң қолға алынбақ. Қазір дайындық жүріп жатыр екен. Алайда, арсеналдардың қайда жеткізілетіні белгісіз. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бұл жайлы мәлімет бере алмаймын дейді. Ал, айналдырған бірнеше сағаттың ішінде қирап қалған қаланы қалпына келтіруге 35 млрд теңгеден астам қаржы қажет екен. Ал, бейбіт күнде баспанасыз қалған жұртқа өтемақы қашан төленеді?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан