Aparatti-Taldau-Ortalii Atirau kullancsndan video

Баршамызға белгілі, Eлбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар қатарында зайырлы қоғам және жоғары руханиятты атап көрсеткен болатын. Ендеше,зайырлылық саясаты мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздіктің берік тұғыры десек қателеспейміз. Конституцияда зайырлы мемлекет деп айқындалған еліміз, бүгін де 18 конфессия және 140 этнос өкілдеріне мекен болып отыр. Өткенімізді ұлықтап, бүгінгі күнге салауат айтайық! Жалпыұлттық құндылықтарымызды сақтай білейік! Тату, бейбіт ел болайық! Болашағымыздың жарқын болмағы –өз қолымызда!
Back to Top