Бұл өлеңді тыңдай бергің келеді Болат Жөкебай Мен өзіңді құмармын құшақтауға!!!! поэзия

Болат Жөкебай - Мен өзіңді құмармын құшақтауға. (2022) Жүктеу: Мен өзіңді құмармын құшақтауға. Жүрек көнбей өзіңнен ұзақтауға. Көңілді мұң бей мезгіл дұзақтауда. Жылуына жылынып махаббаттың, Мен өзіңді құмармын құшақтауға. Махаббатқа болса да қаттылығың. Жоқ білемін ерсі бір жат қылығың. Пернесінен сезімнің күй төгіліп, Жанды баурап алады тәттілігің. Бал бақыттың сыйладың нәзіктігін. Құлай сүйдім білемін жазықтымын. Махаббаттың жалыны өртеп мені, Мына менің жанымды қажытты мұң. Сезімімді арнаймын саған гүлім. Үміт сылап тұрады маған нұрың. Бәрінен де жоғары адамдығың. Маған сенің ұнайды адалдығың. Сен айсың жарық еткен қара түнді. Махаббат сүю үшін жаратылды.. Мен өзіңді құмармын құшақтауға. Ақ періштем қаусырып қанатыңды... Болат Жөкебай
Back to Top