БАС ПРОКУРАТУРА КҮДІКТІЛЕРДІ ҰРЫП-СОҒЫП ҚОЛДАН ҚЫЛМЫСКЕР ЖАСАЙТЫН ТЕРГЕУШІЛЕРДІҢ СОҢЫНА ТҮСТІ

Темір тордың ар жағында да тағдыр бар. Көбіне бізге беймәлім. Жазасын өтеушілердің өмірі бұлыңғыр еді. Сөйтсек, ол жақ абақты емес, нағыз азап мекені екен. Қолға түстің бе, тырп еткізбейді. Алдымен тергеушінің теперіші мен тепкісін көресің. Ұрады, соғады, азаптау тәсілінің сан түрін қолданады. Бір адамның мойынына ашылмай жатқан көптеген қылмыстарды есеп үшін іледі. Қысқасы, қанішерді қолдан жасайды.Тергеуші бәлкім күшпен мойындатып, шен алар, шекпен алар, ал жазасын өтеушінің тағдыры ше? Талқан болары сөзсіз. Әлемдік тәжірибеде абақтының бір бөлмесінде ең көбі 5 адам жатса, бізде 150-ге дейін сыйдырады. Жабық мекемелердің ар жағындағы жапа шегіп жатқан өмірлерді арашалау үшін Бас прокуратура іске кірісті. «Азаптаусыз қоғам“ жобасы қоғамды азаптан азат ете ме? Тілші материалында...
Back to Top