Апта басы Қазақстанмен Өзбекстан заңсыз көші-қонмен тізе қосып күресуге уағдаласты. Жыл сайын ала тақиялы ағайынның елінен ғана 2 млн-дай адам келеді екен. Солардың 10-15 мыңы біздің азаматтықты алып, қалып қойып жатыр. Аңдасақ 10 жылда 150 мың Өзбек Қазақстанның паспортын алады екен.
Көбіне елге жұмыс күші, арзан қол келіп жатыр. Үй де салынады, жол да төселеді, ұсақ-түйек шаруа шешіледі бір қарағанда. Алайда астарына үңілсек үлкен проблема жатыр. Ол дегеніңіз экономикалық, әлеуметтік, қылмыстық қажет десеңіз ұлттық қауіпсіздіктің де мәселесі. Заңсыз миграциядан біздің ел ғана емем, сол шекара асушылардың өздері де тағдырдың тәлкегіне ұшырап жатыр. Бір ғана отбасының трагедиясынан бүтін бір көші қонның түйткілдерін бағамдауға болады.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан