Айдар Тұрғанбек - Аман жүр, Анашым!
Аман жүр, Анашым
Сөзі: Рүстем Арсланов, Сара Жүнісбек
Әні: Ербол Ақбасов
Анасыз баланың,
Жетім ғой күйі де,
Балалар жылайды,
Жетімдер үйінде.
Есіркеп басынан,
Сипалай қойсын кім?
Жетімдер ұйықтайды
Құшақтап ойыншығын.
/Күлмейді көздері,
/Үйінде өзгенің.
/“Ана“ деп айта алмай,
/Сүт дәмін сезбеді.
/Жасаурап жанары,
/Көшеге қарады.
/Аналар баласын,
/Жетектеп барады.
Бақытты баладай,
Ұйқысы қанса да.
Телмірген әйнектен
Жетімдер қаншама.
Шашпаса күн шуақ,
Гүл қалай көктейді.
Әлемнің мейірімі
Анаға жетпейді.
*Бұл күй кімге ұнайды,
*Өткізе алмай күн айды.
*Анасы жоқ сәбилер,
*Үнсіз ғана, үнсіз ғана жылайды.
/Бөтен үй, бөтен ой,
/“Қонақсың“ десе ғой.
/Алыстан мені іздеп
/Анашым келсе ғой.
/Санармын күн түнді,
/Жүректер қарасын.
/Табармын бір күні
/Аман жүр, анашым!