“Апанына қасқырдың бүлік кірді!“ - деп жырмен дабыл қаққан Дауыл батырдың ақын ұрпағы Сәрсен Қадырдың жанайқайына неге назар аудармаймыз, құлақ түрмейміз?
Бұрын Алаш баласы үш сөз айтылып ұрандатса, қарап тұрмаған, қалыс қалмаған. Ол үш ұран сөз мыналар - Әруақ! Асар! Аттан!
Арысы - орыс патшалығы мен атеистік кеңес үкіметі, берісі - уахабизм-салафизм идеологиясы “Әруақ!“ деген ұранымыздан айырды.
Тым жақсы халықтық бастама “Асар“ дәстүрін де билік пайдаланып, құнын кетірді. Әкімшілдік-әміршілдік жүйе барда ештеңе жүрекпен жасалмайды. Елдің қайырымдылық шарасын науқандық акцияға айналдырған әкімдер әлеуметтік тұрғыдан көмек қажет ететін топтарға жәрдем беру - өз міндеттері екенін де білмей ме? Өйтіп арзан абырой, жалған ұпай жинамай-ақ қойсын! Қайырымдылық шарасын ұйымдастыру - мемлекеттің шаруасы емес, қайырымдылық қорлар, үкіметтік емес ұйымдар мен жекелеген бастамашыл азаматтардың міндеті. Әркім өз миссиясын білсе де ел болып кетер едік қой.
Үшінші сөз - “Аттан!“ Бұл ұран да саясиланып кетті. Аттандап “көш