«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» КІШІ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
«Ұлы даланың ұлттық дəстүрлері» атты форумының қонақтары үшін бүгін облыстағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанында құрылған «Рухани Жаңғыру» кіші жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды. Шараға форум меймандары, Жанбай ауылының Х.Нәубетов атындағы мектебінің бір топ оқушылары, білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Атырау өңірлік «Рухани Жаңғыру» кеңсесімен бірлесіп жүзеге асатын бұл бастама облыстағы жалпы білім беретін мекемелер үшін оқытудың озық үлгілерін енгізуді, педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды көздейді. «Рухани Жаңғыру» кіші жобалық кеңсесінде «Әлемді өзгертетін идеялар», «Туған елге тағзым», «100 кітап», экологиялық және экономикалық жобалардың нәтижелері қарастырылды. Бұл күні мектеп кітапханасында облыстағы оқу орындарының кітапханашылары үшін заманауи кітапхана жұмысын ұйымдастыруға бағытталған ашық тәжірибелік семинар өткізілді.
755 views
834
335
7 years ago 00:06:55 1
Елбасы: Түркістан ғасырлар бойы бүкіл түркі әлемінің саяси әрі рухани орталығы болған
7 years ago 00:02:58 2
Жақсы сөз - жарым ырыс (бесін уағызы) | Асқар МҰҚАНОВ | (2018)
2 years ago 00:27:53 1
САРАСӨЗ. Қаракөз Сүлейменова мен Айнұр Көпбасарова