Сына мерзімі кезіне ебек шарты жасалынуы тиіс па

Сынақ мерзімі кезінде сізге жалақы төлене ме? Сынақ мерзімінің ұзақтығы қандай? Осындай сұрақтардың жауабын жұмысқа орналасып жатқан адамдардың білуі өте маңызды. Себебі, қазіргі таңда жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау кезінде бірнеше немесе одан да көп күнге жұмыскерден ақысыз және заңға сәйкес тиісті түрде рәсімделген негізде белгілі бір тағылымдамадан өтуді талап етеді. Бұл жұмыскерлердің құқықтарының бұзылуының алғышарттарының бірі. Мәселен, адамның уақытының босқа кетпеуі және ол кезеңге ақының төленуі заңмен қорғалған. Сондықтан да, біріншіден анықталуы тиіс нәрсе ол сынақ мерзімі дегеніміз не? Еңбек кодексіне сәйкес сіздің біліктілігініздің тапсырылып жатқан жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында 36-бап бойынша сынақ мерзімі белгіленген. Ол дегеніміз жұмыс берушінің сізді бұл жұмысты орындауға қабілеттісіз ба жоқ па екендігін тексеретін уақыты. Бірақ та бұл жерде де бәрі заң бойынша рәсімделіп жасалуы тиіс. Оның қалай болатынын бейнебаяннан біле аласыз.
Back to Top