Бір топ шенеунік ұсталды

Бұл апта шенеуніктер ұсталған апта болды. Жемқорлық, парақорлық, қызмет бабын асыра пайдалану сияқты айыптар арқалап біраз шенді шекпенді қамауға алынды. Әдетте айран ішкен құтылып шелек жалағандар тұтылмаушы ма еді. Бірақ бұл жолы емес. Құрыққа ілінгендердің ең ірісі облыс әкімі. Павлодар өңірін басқарып келген Болат Бақауов. Шенділердің шеңгелдену шежіресінде талай мықтының болғаны рас. Облыс әкімдері мен министрлерді қойып, үкімет басшылары да бар. Серік Ахметовтың оқиғасы неге тұрарлық. Бірақ қисынды сұрақ туындайды. Қолына кісен салынып, темір тордың арғы жағына тоғытылса да, елімізде жемқорлық неге жеңіс бермейді? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top