Желсіз түнде жарық ай | Мырзаханов Алмас

Сөзі және әні: Абай Құнанбайұлы Орындаған: Мырзаханов Алмас «Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн, өзара сыбырласқан қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы да сұлу түн тамаша суреттеледі. Шабыт келіп, мен де бұл түні, өзен жағасында Абай атамыздың осынау бір әнін орындап көрген едім, қабыл алыңыздар…
Back to Top