Абдугаппар Сманов - Уақыттың қадірі

**УАҚЫТ ** Солай да солай, қарағым, Жанымның таппай қалауын, Мен дағы Мұқағалидай Отыздан асып барамын... Күндерім қайран, күндерім, Кетті екен қайда, білмедім? Жоғалған жастық шағымды Қайтарып берер кім менің?! Қыдырдық, жүрдік, тойладық, Қызыққа ешбір тоймадық. «Уақытым қайда кетті?» деп, Отырмын енді ойланып. Уақыттан бәрі жеңілер, Жол да жоқ артқа шегінер. Осы күн, осы сәт бізге, Бір-ақ рет қана берілер... * * * Уақыттан асқан билік жоқ, Уақыттан озған жүйрік жоқ, Адамға Алла бұйыртқан Уақыттан қымбат сыйлық жоқ. Өзіңді-өзің алдама, Уақытты салма саудаға. Жиырма төрт сағат берді Алла Балаға, кемпір-шалға да. Өткізе бермей жай ғана, Уақытты жарат пайдаңа. Жиырма төрт сағат – тең уақыт Берілген кедей-байға да. Уақытты жарат пайдаңа, Қолыңды босқа байлама. Жиырма төрт сағат ─ сенде де, Жиырма төрт сағат ─ байда да... Осыған, досым, не дейсің? Өзіңді кімге теңейсің?! Уақытың ─ бірдей, о неге, Анау ─ бай, ал сен ─ кедейсің? Мейірімін төгіп саған да, Мүмкіндік берді хақ Алла. Денсаулық пенен уақытт
Back to Top