“Ардақ аға сізбен кездесу біздің арманымыз еді, Өскеменнен келдік, ертең жол жүреміз, бүгін бізбен кездесе аласыз ба?“ - деген хатты оқып Аяужан есімді қарындасыма бірден жауап бердім. Осы балапандардың арасынан бір бала, біз арқылы тура жолға түсіп, жақсылыққа бұрылса бұдан асқан бақыт бар ма? Аллаға шүкіршілік! Жүректері тап-таза, жүздері нұр, көңілдері әппақ, ойларында дәнектей жамандығы жоқ іні-қарындастарыммен әңгімелесіп отырып үш жарым сағаттың қалай өткенін байқамай қалыппыз. (Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия интернатының 11-ші сынып оқушылары. Осы каникулды пайдаланып Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарымен танысуға арнайы келген екен)
Алла разы болсын. Сол күнім мен үшін ең жақсы күн болды. Рахмет сендерге Айналайындар...