Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің әдет-ғұрпы жайлы әңгімелейтін «Qonaqjai Elim» онлайн-жобасын жалғастырамыз. Бүгінгі санда біз сіздерді ұйғыр халқының салтымен жақынырақ таныстырсақ дейміз.
Ұйғырлар – Орталық Азиядағы ең көне түркітілдес халықтардың бірі. Бізге жеткен жазба деректерде бұл халық туралы б.з.д. III ғасырда жазылған. 1950-1960 жылдары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан жаппай көшіп-қону нәтижесінде Қазақстанда ұйғыр халқының саны көбейе түсті. Қазіргі уақытта ұйғырлар саны жағынан елімізде бесінші ірі этнос.
Біздің жүргізушіміз Ұйғыр музыкалық комедия театрының әртісі Турдибуви Аблизовамен бірге бүкіл Орталық Азияда дәмді тағамымен танылған, ерекше беделге ие ұйғыр асханасына бас сұқты. Сондай-ақ, әлем бойынша ұйғыр халқының тұңғыш әрі жалғыз кәсіби театры саналатын Қ. Қожамьяров атындағы Мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрына ат басын бұрып, ұлттық музыкалық аспаптарының сықырлы әуенін тыңдады.
#fpp #fpp_kz #ФондПервогоП