Ақау кесірінен емтиханға он рет кірген

Ақтөбеде жүргізуші куәлігін алуға келгендер бұзылған автомашинада сынақ тапсырған. Соның кесірінен, тіпті, емтиханға он қайтара келгендер де болыпты. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы көліктердің тежегішінде, дөңгелектерінде ақау болған. Былықтың бәрін Мемлекеттік қызмет істері департаменті мамандары қоғамдық ұйым өкілдерімен бірлесе өткізген мониторинг кезінде анықтаған. Ақауы бар көліктер жөнделді ме? Орталықтарға олқылыққа қатысты не уәж айтты? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top