Қартайған арыстан / Qartaigan arystan (Ахмет Байтұрсынов)
Қартайып, Арыстанның әлі кетті,
Айбыңды жұрт қорқатын сәні кетті.
Бетіне жан келмейтін уақыттар-ай,
Артына бір қарамай, бәрі де өтті.
Аяқта дәрмен қалды жүрерлік-ақ,
Тым қарттық жас емес қой көрерлік-ақ.
Тіс түсіп, тырнақ мұқап, қайрат кетіп,
Жайы бар тыныш жатып өлерлік-ақ.
Тынышына қоймады оны өзге аңдар,
Бата алмай, «сені ме?!» деп жүрген жандар.
Анау да, мынау да өшін алып жатыр
Бұрыннан Арыстанда кегі бар