НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН АКЦИЯНЫ БАСТАДЫ
Өңірде соңғы жылдары мемлекет дамуына қосқан үлесі үшін белгілі қоғам қайраткерлерінің құрметіне орай тұрғызылған ескерткіштердің саны артты. Алайда кейбір жастар ескерткіштің не үшін тұрғызылғанын және оның атауын білмейтіні өкінішті. Осыған орай Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыс орталығында орналасқан ескерткіштерді насихаттауға арналған акцияны бастады. Мектеп шаңырақтары аймақтағы ескерткіштер туралы деректерді жинақтап, танымдық бейнероликтер циклін әзірлеу үстінде. Алғашқы болып оқу орынның «Фариза» шаңырағы қазақ поэзиясының падишасы, белгілі ақын және мемлекет қайраткері Фариза Оңғарсынованың ескерткішінен бастады. Оқушылар фото және бейнетаспа арқылы Фариза ақынның ескерткіші туралы деректерді ұсынады. Мұнда балалар мүсіннің архитектуралық және композициялық кескіні, жасап шығарған авторлары және монументтің мазмұны туралы кең мағлұматтарды ұсынады.
173 views
402
113
5 years ago 00:02:34 14
Ер есімі - ел есінде
10 years ago 00:01:23 60
ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
12 months ago 00:17:01 1
Ерліктері ел есінде!
4 years ago 00:03:10 4
“Ер есімі - ел есіңде“
10 years ago 00:04:01 824
Ардагерлер есімі,мангі ел есінде ( Магжан Галымбек - Ардагерлер )
5 years ago 00:02:22 1
Жұмабек Тәшенов ел есінде
4 years ago 00:07:47 1
«Ер есімі - ел есінде» кітап көрмесі
7 years ago 00:32:59 250
Ерекше шоу - Ер есімі - ел есінде 2018 ✅ 🔥🔥🔥
4 years ago 00:27:41 1
“Ер есімі ел есінде“ Педагогика және жаратылыстану пән бірлестігі.
2 years ago 00:14:02 1
“Ел үшін еңіреген ер - ел есінде“ тарих сағаты. Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл
5 years ago 00:18:20 1
Ұлы Отан Соғысының 75 жылдығына арналған “Ер есімі - Ел есінде. онлайн видео экскурсия