Угандада салмағы 1 тонналық адам жегіш қолтырауын ұсталды
Жабайы табиғатты қорғау ұйымының мамандары жыртқышты 4 күн бойы аңдыған.
Виктория өзеніне әдейі қойылған жемтікке тап берген қолтырауын ақыры торға түсті. Осы маңайдағы 5 ауданның тұрғындарына ұдайы шабуыл жасайтын қауіпті жыртқыш 4 балықшыны жеп қойған. Қоршаған ортаны қорғаушылар қолға түскен қолтырауынды енді Мерчисон Фолс ұлттық паркіне тапсырмақ.