Құдыққа құлап кеткен 4 жастағы баланы құтқарып қалған Нәдір Омарғазиев

Құдыққа құлап кеткен 4 жастағы баланы құтқарып қалған Нәдір Омарғазиев «Qareket» хабарына келген Нәдір ашық жатқан құдыққа құлап кеткен баланы қалай құтқарып қалғанын айтып берді. «15 ақпанда сабақтан қайтар жолда досым екеуіміз жылап жүрген екі апайды көрдік. Олардың не үшін жылап жүргенін түсінбедік. Қастарына барғанда құдықты көрдік, бірақ іші қараңғы еді. Дұрыстап қарасақ, ішінде бала бар екен...», - дейді ол. Осы оқиғадан кейін Нәдір Омарғазиевке «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі табысталды. «Ерлік - әр адамның ішінде жататын дүние. Оны бір жерден оқып істеу – мүмкін емес шығар», - дейді бейбіт күннің батыры. Хабарымыздың толық нұсқасы: #Қарекет #батыр #БейсенҚұранбек #Мәдениет #Ерлік #Qareket
Back to Top