Оы да, ктеріл! | Мфти Менк

Ешқашан ұмытпаңыз, санға қарағанда сапа маңыздырақ. Асықпай, мәнерлеп, Құраннан шамаңызға қарай жарты пара, бір пара, екі, үш пара оқыңыз. Құранға уақыт арнаңыз. Құранды әдемі дауыс ырғағымен оқыңыз. Егер сіз Құраннан жаттаған болсаңыз, Қиямет күні сіз Құран оқуға бұйыраласыз. Оны осы дүниеде қалай оқысаңыз, Қияметте тура солай оқитын боласыз. Егер осы дүниеде Құранды немқұрайлы оқып келген болсаңыз, Ахиретте ұятқа қаласыз. Алайда, Алламен жеке қалғаныңызда Құранды әдемі дауыспен оқитын болсаңыз, Есеп беретін күні де әдемі оқитын боласыз. Осы дүниеде әдемілеп оқыңыз. Құранды толық немесе шамасы келгенше Құраннан жаттаған адамға Қиямет күні: «Осы дүниеде Құранды оқығаныңдай, оқы!», - деп айтылады. Құранды асықпай, әдемілеп оқиық!
Back to Top