Петропавлда облыстық футбол федерациясы президентінің бастамасымен тұңғыш рет балалар лигасы құрылды. Жарыстың салтанатты ашылуына қала әкімінің орынбасары әрі федерацияның вице-президенті Евгений Глотов қатысты.
Биыл алғашқы турнирде 2010-2011 жылдары туған балалар бақ сынайды. Барлығы 7 команда. Ойындар нөмірі 20-шы мектептің футбол алаңында жоспарланған. Бірінші матчта «Авангард» құрамасына «Юниор-2» командасы қарсылас атанды. Футболда алғашқы қадамдарын жасауға келгендерді ата-аналары қолдауға келді.
Жасыл алаңда қызу тартысты ойын өтті. Дегенмен, есепте басым түскен «Авангард» командасы жеңіске жетті.
-Мен футболмен 3 жыл бойы айналысам. Қарсылас қақпасына 3 гол салдым.
-Маған футбол ұнайды. Шабуылшы позициясында ойнаймын. Болашақта танымал болғым келеді.
Бұл турнир болашақ футболистер үшін бірінші. Лига аясында әр құрама өзара ойнап, мықтыны анықтамақ.
338 views
451
133
2 years ago 01:43:08 5
Асхат Тагыберген. Еуроға шығамыз ба? Қиын өмірі. Қазақстан-Дания
2 years ago 00:45:58 1
Бауыржан Исламхан. Қайратқа неге бармады? Селтик пен Левски шақырды ма?
5 years ago 00:02:22 1
Қарағандылық балалар Алматыда өткен футболдан жүлделі оралды
10 years ago 00:01:31 340
Футзал және қар үстіндегі футболдан жасөспірімдер арасында өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды