«Алматы-Талдықорған» тас жолында қалааралық шағын автобус апатқа ұшырады
Қоғамдық көлікте 17 адам болған. Олардың 7-і ауруханада жатыр. Оқиға Көксу ауданының орталығы Балпық би ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша көлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Демалыс күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірде бірқатар жолдар жабылған болатын.