Абай елі

Бұл танымал әнге осыдан бірер жыл бұрын Абай ауданының әкімі болған, марқұм Тұрсынғазы Жантұяқұлының өтінішімен ел тарихын қосып сөз жазған едім. Онымен қоса себепкер болған “Қаламқас“ халық ән-би ансамблінің режиссері Дулат Кабдолдин ағамның қолқа салуы еді. Біршама уақыт өтсе де бұл ән қайта-қайта айналып алдымнан шыға берді. Әркезде әртүрлі бейнелермен әрленген. Бұл жолы Дарын есімді бауырым ән рухын асқақтататын түсірілім жасап қуантты. Әнді орындаған “Қаламқас“ ән-би ансамблінің әншілері Еркін мен Жайнагүл апайым! Алғыс айтқым келеді баршаңызға!
Back to Top