Құрметті, жаңаөзендіктер. Өзедріңізге белгілі осыдан бір ай шамасында бүкіл халық болып ауыр дертке шалдыққан жаңаөзендік МҰСТАФА НҰРЖІГІТҰЛЫНА арнайы акциялар мен қайырымдылық концерті өткен болатын. Өкінішке орай, Мұстафа бақилық болып кетті. Осыған орай, Мұстафаның әкесі барша қол ұшын созған қайырымды жандарға алғысын видео арқылы жеткізуді жөн санады. Ал, баланың еміне деп жиналған қаражаттың қалғанын Мұстафаның ата - анасы Жаңаөзендегі науқас балаларға үлестіріп беріпті.