💫🌷

🌷🌱 Қыз баланың сұлулығы иманында, Бойына жақсы қасиет жыйғанында, Анасының атына кір келтірмей, Тәрбиемен ортаға сыйғанында. Қыз баланың сұлулығы,жүргенінде, Әдеппенен жымыйып күлгенінде, Өсек аяң,әңгімеден аулақ болып, Орынын қай жерде де білгенінде. Қыз баланың сұлулығы көздерінде, Инабатты,ибалы сөздерінде, Болашақ жарыменен бақытты боп, Айдынында қос аққудай жүзгенінде. Қыз баланың сұлулығы білімінде, Ойға түйген ортадан ілімінде, Алла деп соғып тұрған жүрегінде, Аналық пәктік болса сезімінде!!!
Back to Top