’ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ 2015’ ЖАСА ҚАЗАҒЫМ Ахмед Сомали

VII Республикалық “Жарқын болашақ“ KATEV қазақ тілі олимпиадасының жабылу салтанатында Ахмет: “Менің атым — Ахмет, мен Сомали елінен келдім”, – деп бастап, әрі қарай қазақ тілінде ән салды. Ахметтің Сомалидегі ұстазы кезінде қазақ-түрік лицейінің мұғалімі болып, елімізде бір мезгіл тұрған түрік азаматы екен. Қызмет бабымен алысқа кетсе де, қазақ тіліне деген махаббатын сөндірмеген азамат өз шәкірттеріне бос уақытында қазақ әндерін үйретеді екен. Сол махаббаттың, сол сағыныштың сәлемін Арқа төсіне жеткізуге Ахметтей ұланын арнайы жіберіпті. Бұдан бұрын түрік ағайындармен әңгімелескенде шетелде қызметте жүрген кезінде Қазақстанда болған азаматтардың “Қазақстанды сағынып жүрміз” дегенін еститін едік. Африканың аптабында жүріп ата жұртына сәлем жолдаған мынадай көрініске тебіренбеске шараң жоқ еді. Ағылшын, француз, түрік тілдерінде еркін сөйлейтін Ахмед бұл қазақша әнді үш-төрт аптада үйреніп алған. Қазақстанда болған кезінде әнмен шектеліп қалмай, қазақ тілін меңгеруге ниетті екенін жеткізді.
Back to Top