Сәуірдің басынан бастап өңірлерге 923 мың доза «Спутник V» вакцинасы жеткізілді.

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары: - Сәуірдің басынан бастап өңірлерге 923 мың доза «Спутник V» вакцинасы жеткізілді. Айдың аяғына дейін тағы 910 мың доза «Спутник V» мен 500 мың доза басқа да өндірушілердің өнімі жөнелтіледі. Бұған қоса 25 мың доза QazVac вакцинасы бар. Яғни 2 млн адамның вакцина алу мүмкіндігі бар. Вакцина қолжетімді болуы үшін еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысымен адам көп шоғырланатын жерлерде вакциналау ұйымдастырылады. «Ашық» қосымшасына «қызыл аймақта» тұрған 437 нысан қосылған. Қосымшаны 175 мың адам жүктеп алған және тәулігіне 34 мың адам қолданады. Қосымшаның көмегімен 347 адамнан вирус анықталды.
Back to Top