Орыс хан Алтын Орда таққа талас #тарих #алтынорда#таккаталас#жәнібеккерей
Орыс (Ұрыс) хан (1361-1377–1374-1375) – Алтын Орданың билеушісі, қазақ хандары әулетінің атасы.
Өмірбаяны
Орыс хан қазақ хандары әулетінің негізін салушы және Ақ Орданың даңқты билеушісі ретінде белгілі. Орыс хан араб-мұсылман деректерінде Мухаммед атымен белгілі. Ортағасырлық деректерде «(7)76 (–» жылдары бұл хандықты (Ақ Орда – авт.) Урус атты адам бастады. Айбек ханды тақтан тайдырған сол еді. Оның аты Мухаммед, ал Урусь лақап аты болар» деген мәліметтер сақталған
Орыс ханның есімі әдебиеттерде әртүрлі жазылып келеді. Ұрыс хан немесе Орыс хан деген атпен белгілі болды. Зерттеуші Т. Султанов ханның лақап есімінің Орыс деген атпен белгілі болуын «Орус» этнонимикасының фонетикалық түрі деп түсіндіредіЗерттеуші З. Қинаятұлы да оны Орыс хан деп жазады және бұл лақап атаудың шығуын ханның түр түсінің орысқа ұқсауымен, яғни сары шашты, сары түсті болуымен байланыстырады.
Орыс ханның туған жылы белгісіз.Осы мәселеге арнайы тоқталған З. Қинаятұлы «Әкесі Шымтай орда тағын билеп тұрған 1345-1361 жж. оған «Сарай билігін қолға алу» жайлы ақыл-кеңес бере бастағанына қарағанда, ағасы Мүбәрәк қожаның тәуелсіз саясатын қолдаушы, жалғастырушы ретінде еліне танылғанын ескерсек, ол әкесінің көзі тірісінде Ақ Ордадағы саяси тұлға ретінде қалыптасқанын көре аламыз. Моңғолдардың ата дәстүрі бойынша қол бастау 25-30 жастан, ел бастау 40 жас шамасынан басталады. Моңғол жұртында «Дөч Хүрсэн эр, дөрөв дарсан ат» деген ұлағатты ұғым бар. Бұл «Қырыққа толған ер елдің жүгін, төрт тісті атан үйдің жүгін көтерер» деген мағына береді. Шыңғысхан 44 жасында дүйім моңғолдың, Жошы 44 жасында Жошы ұлысының хан тағына көтерілсе, бұл әулеттен шыққан төрт ұлы қағанның барлығы да қырықтан асқан шағында қаған тағына отырғаны белгілі. Қанша батыр болса да 25-30 жасқа толаған ер қол бастамаған. Орыс ханның ұлдары (Тоқтақия, Құтылық Бұға) 1374-1375 жж. Тоқтамысқа қарсы жорықта қол бастап шықты. Осыларға қарағанда Орыс хан 1361 жылы 40-45 жас шамасында таққа отырып, 50-55 жас шамасында (1377-1378) дүниеден өткен болуы мүмкін бе деп пайымдауға мүмкіндік бар. Олай болғанда 1323-1325 жылдар шамасында дүниеге келуі мүмкін» деген пікір білдірген.
1 view
14
0
3 months ago 00:08:46 1
ШЫҢҒЫСХАН - ОРЫС! РЕСЕЙ ТАРИХШЫЛАРЫ АЙДЫ АСПАНҒА ШЫҒАРДЫ!
4 months ago 01:51:24 1
Қазақ Хандығы Алтын тақ
6 months ago 00:33:17 1
Қазақтың соңғы Ханы - КЕНЕСАРЫ
8 months ago 00:09:37 1
Возрождение Наурыза. Первое празднование в СССР
10 months ago 00:15:10 2
БАТУ ХАН ОРЫС КНЯЗЬДЕРІН ОСЫЛАЙ ТІЗЕРЛЕТТІ! Толық тарихы
1 year ago 00:10:55 5
ОРЫС ҚЫЗЫ БЕЙБИГЕ ПРАНК ЖАСАП, ГИЛЬДИЯСЫНА КІРІП АЛДЫҚ! ФРИ ФАЕР КАЗАКША!
1 year ago 00:09:47 1
Орыс хан Алтын Орда таққа талас #тарих #алтынорда#таккаталас#жәнібеккерей
1 year ago 00:01:29 1
“Че“ - хакас тiлнең кибелiс. Стихотворение на хакасском языке. Сибдей Том.
2 years ago 00:01:54 22
Невский дулығасындағы Құран аяты | Қазақ батырларының сауыт-саймандары
2 years ago 00:03:41 2
Травиата
2 years ago 00:53:54 12
Kazakh Khandygy ( 2 mausym ) - Altyn Taq - 3 seria
3 years ago 00:12:55 5
ИВАН ГРОЗНЫЙ ҚАШЫП ШЫҒЫП, МӘСКЕУ ӨРТЕНДІ! ҚЫРЫМ ТАРИХЫ! 🔥🔥🔥
3 years ago 00:10:52 1
КАСПИЙ ЗАЛОГЫНДАҒЫ 700-900мыңнан басталатын көліктер// АВТО С ПРОБЕГОМ
3 years ago 00:08:57 1
800 мыңнан БАСТАЛАТЫН КАСПИЙ ЗАЛОГЫНДАҒЫ КӨЛІКТЕР
3 years ago 00:06:38 8
РЕСЕЙДІ “қалай“ ЖАУЛАП АЛДЫҚ! БАТУ ХАН. ТОЛЫҚ НҰСҚА!