Жаңалықтар

ШҚО жолдарында қар құрсауында қалған 80-ге жуық автокөлік құтқарылды. Жолаушылардың арасында балалар да бар. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Ақтөбенің жедел жәрдем қызметі жекенің қолына өтті. Науқастарға алғашқы медициналық көмекті түрік компаниясы көрсетпек. Дегенмен жедел жәрдемді шақыртқаны үшін ақшаны мемлекет төлейді. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Алматы облысындағы ХҚКО-да жан тапсырған тұрғынның өліміне қатысты оқиғаны тексеруге кірісті. Енді ХҚКО-да жедел жәрдем кезекшілік атқаруда.
Back to Top