Арыс оқиғасы: Тоқаев Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады
«Камера алдында арыстықтардан кешірім сұрамаймын» деген Нұрлан Ермекбаевқа Президент қатаң сөгіс берді. Қорғаныс саласының жұмысына көңіл толмаған Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы министрге осындай жаза берді. Қасым-Жомар Тоқаевтың пайымынша, алапат жарылыстың себебі – жүйелі кемшіліктен және әскери ведомство бақылауының әлсіздігінен болған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әскери нысанның маңынан үй салуға жер берген шенеуніктерді де жазазыз қалмайтынын мәлімдеді.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан