Алматы облысында 150 сүт фермасы ашылмақ.

Алматы облысында 150 сүт фермасы ашылмақ. Алматы облысының сүт өңдейтін зауыттарына қажетті шикізаттың көлемін арттыру үшін өңірде арнайы бағдарлама дайындалды. Мәселен, жақын күндері Панфилов ауданында сүт фермасы іске қосылмақ. Қазір шаруашылықта 500 бас швиц және семминтал тұқымды ірі қара бар. Жыл соңына дейін олардың санын 1200-ге жеткізу жоспарланып отыр. Сол кезде тәулігіне 25-30 тонна сүт шығарылады. Мұндағы құнажындар Австралиядан әкелінген. Жалпы Алматы облысында алдағы екі жылда сүт көлемін 900 мың тоннаға дейін жеткізу жоспары бар.
Back to Top