Зейнетақы қорындағы ақша есебінен баспана алуға бола ма?
Зейнетқордағы қаржыны баспанаға жұмсау тетіктері әлі де шикі! Осы аптада Мәжілісмен Аманжан Жамалов Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қабырғасында қаралып жатқан заң жобасын сынға алды. Зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін салымшы өз кәдесіне жаратуы екіталай екенін ескертті. Себебі жинақтан ақша алуың үшін кемі 8 млн тг қаражат болуы шарт. Бұл ерлер үшін. Ал әйелдер 10 млн жинаулары тиіс. Оның бір бөлігін ғана ала алсаң қайдағы баспана?
Десе де зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін пайдалана алатындар бар. алайда олардың саны 90-ақ мың адам. Қалған 10 млн салымшы соларға қарап тамсанып отыра ма сонда? Мәжілісмен осындай әлеуметтік салдар болуы мүмкін екендігін ескертті. Негізі әу баста ондағы қаражат тек ипотеканың бастапқы жарнасы ғана емес, білім алу, басқа да мұқтаждықтарға арналады делінген. Алайда қазақта қазір бапанадан басқа бас қатыратын мәселе жоқтың қасы.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
153 views
23
1
4 years ago 00:01:14 1
“Билік зейнетақы қорындағы ақшаны оңайлықпен тарата салмайды“
4 years ago 00:05:36 1
ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ АҚШАНЫҢ ҚАНША ПАЙЫЗЫН АЛУДЫ ҚАЛАЙСЫЗ?
6 years ago 00:15:25 1
Басты жаңалықтар. күнгі шығарылым
8 years ago 00:02:48 107
Ұлттық бірыңғай зейнетақы қорындағы қаражатты мерзімінен бұрын қалай шешіп алуға болады?