Мағауия Хамзин мұрасы - мұражайы

Елбасының “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру“ бағдарламасы аясында қазақ елінің мақтанышы, күй өнеріне үлес қосқан дархан дарын иесі, шертпе күйдің шебері, композиор, ұстаз, Қазақстанның халық әртісі Мағауия Хамзиннің 90 жыл толуына арналған “Магауия Хамзин мұрасы“ мұражайының ашылуына өтті. Мағауия Хамзин – қазақтың ұлттық өнеріне, оның ішінде сонау түркі дәуірінен бүгінгі таңға дейінгі саф қалпын сақтап келе жатқан, күй өнерінің майталманы. Шертпе күй — аспаптық дәстүрі өте көне және Қазақстанның түгелдей дерлік аймағына кең тараған дәстүр (Қазақстанның батысын қоспағанда, онда төкпе күй сақталған). Шарамызға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық коллерджі және Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері қатысты. і
Back to Top