МЕНІҢ Жаным (Ардақ Тошынбай )
Жаным (Ардақ Тошынбай )
Оқыған: Жансая
Менің жүрегімді үнсіз жауладың,
Нұрлы сұлу, жалынды ақ жүзіңмен.
Адастырып естен өзіңе баурадың,
Күмістей сыңғыр қоңырау күлкіңмен.
Күннен күнге ғашық болып барамын,
Бір өзіңе сүйкімді менің жаным-ай.
Ғашық жүрекпен телміре қарадым,
Бейнең сонда мөлдіреп тұрған-ай.
Абайсызда кез болсам өзіңменен,
Неліктен, неге соншама қашасың?
Сен өзің неге жаным, аңсаған бағым,
Алыстап менен қайда кетіп барасың?..