Биіктік

әні мен сөзі: Т. Досымов Ұнатады шыңда көңіл шырқауды, Таулары жоқ төбемізден бұлт ауды. Толағай боп туылмадым әттең ай, Атырауға әкелер ме ем бір тауды... Шыңды армандап төбесі көк сүзгілер, Экраннан Эверестке үздігер. Обаны адыр, адырларды төбе деп, Төбелерді тау деседі біздің ел. Тартыспай ақ Ғамзатовтай көкеммен, Тау ұлы емес, қыр ұлы боп өтем мен. Осы қырда төбешіктей аналар, Дүниеге таудай ұлдар әкелген. Ерліктері айналмайтын елеске, Атыраудың алыбының бәрі есте. Ереуіл атқа ерін салған егесте, Ма
Back to Top