- Тегін курстар

✅ ТЕГІН КУРСТАР — сайтында әртүрлі 73 тегін курс бар. Motion design, UI/UX design, Копирайтинг секілді цифрлық мамандықтардың курсы, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы, пішу және тігу, қаржылық сауаттылық, кондитерлік өнімдер, туризм, бизнес бастау, маркетинг секілді курстар бар. Аталмыш тегін онлайн курстарды тәмамдайтын болсаңыз, сертификатыңыз сол сайтта автоматты түрде орналасады. Оған қоса дәл сол сайтта отырып, жұмысқа өтінім берсеңізде болады. Көптеген компаниялар вакансияларды осы сайтта жариялайды. Бұл сайт әсіресе ауылдық жердегі ағайын-бауырларға тиімді болады деп ойлаймын. Осы сайтқа тіркеліп, білім алыңыздар және елге-жерге пайдалы маман болыңыздар! Әр қазақ білімді болсын! Басқалармен бөлісіп қойыңыздар! Біле жүрсін!
Back to Top